"Казатомпром-SaUran" ЖШС Наурыз мерекесі

19 наурыз күні дәстүрлі қазақ киіз үйімен, наурыз-көже, ыстық палау, бауырсақ және де концерттік бағдарламасымен Таукент поселкесінде Наурыз мерекесі өтті.

Және к. "Орталық Мойынқұм" ұжымы ұйымдастыруымен  волейболдан жарыс өтті. Жарысқа 6 команда қатысты: к. Қанжуған; к. О. Мойынқұм; к. Уванас; ЦАПБ ; Қорған; к. Мынкудык. Қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаз командалар:

1. к. Қанжуған

2. к. Уванас

3. к. Ц. Мойынкум

Жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға жеке кәсіпкерлердің қолдауымен ақшалай сыйлық берілді: 70 000 теңге бірінші орын үшін; 35 000 теңге, екінші орын; 28 000 теңге үшінші орын үшін. Сондай-ақ, жеке номинациялау бойынша марапаттаулар да болды: "Ең үздік форма"– к. Мынкудык; "Үздік ойыншы"– Кольчикбаев М.. - тиісті грамоталар мен 10 000 және 5 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды.

22 наурыз Шолаққорған ауылында Наурыз мерекесін қарсы алу аудандық деңгейде өтті, онда біздің компанияның өкілдері (Аффинаждау цехы) – дастархан жайып киіз үй қойды.

Киіз үйді рәсімдеу мен жайылған үстелдің сапасын бағалау қорытындысы бойынша біздің компания Созақ ауданының әкімі атынан «Ең сәулетті киіз үй» номинациясы бойынша мадақтама алды.