«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы қаржылық нәтижелері

2019 жылдың 1-ші жартыжылдық шоғырландырылған қаржылық есебі
2019 жылдың 1-ші жартыжылдық қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдау

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп», «ҚАӨ» немесе «Компания») Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған, 2019 жылғы 30 маусымда аяқталған жартыжылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады.

«2019 жылдың алғашқы алты айында уран нарығында сақталып келе жатқан белгісіздікке қарамастан, Қазатомөнеркәсіптің нәтижелері біздің болжамдарымызға сәйкес өсу көрсетті, - деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов. – Біз осы болжамдардың негізінде жатқан Стратегиямызға адалдық сақтауымыз маңызды.

Табиғи уранның әлемдік нарығына 20% - дан астамын жеткізуді жүзеге асыра отырып, біз нарықтың жауапты және адал қатысушысы ретінде тәртіпті ұстануды жалғастырамыз. Өндіру көлеміне қатысты бұл тәсіл 2021 жылы өндірісті 20% - ға қысқартуды жалғастыру ниеті туралы таяудағы хабарландырумен расталады. Сатуға қатысты Қазатомөнеркәсіп біздің ұзақ мерзімді құнды жасау стратегиямызға сәйкес келетін келісімшарттарды ғана жасай отырып, энергия компанияларымен ынтымақтастықты жалғастыруда.

Жылдың екінші жартысында уран нарығын тұрақсыздандыратын сауда шектеулерін енгізу ықтималдығының қаупі аздығын ескере отырып, нарық, жалпы алғанда, тұтынушылармен нәтижелі диалогтың болуын аңғарта келе оң динамиканы көрсетуде. Алайда, жеткізушілер де, сатып алушылар да сақтық жасап, бүгінде сұраныс пен ұсыныс біршама теңескендей болып отыр.

Нарықтың қалпына келуі орташа болуына қарамастан, біз атом саласының ұзақ мерзімді перспективаларына сенімдіміз. Біз нарыққа бағдарланған стратегияны ұстанамыз және өндірістің өзіндік құны төмен және өндіру көлемін жылдам ұлғайту немесе төмендету үшін икемді активтері бар Қазатомөнеркәсіп нарықты қалпына келтіру кезінде бізге пайда әкелетін бірегей позицияларды сақтап қалатынына сенеміз».

Негізгі қаржылық көрсеткіштер

 

  30 маусымда аяқталған 6 айда
(миллиард теңге) 2018 жыл  2019 жыл Ауытқу
Топтың шоғырландырылған түсімі (қаржылық есептілікке сәйкес) 145.0 176.6 22%
Операциялық пайда 16.0 27.1 69%
Таза пайда 326.4 104.0 (68)%
Бірлескен операциялар бойынша міндеттемелерді есептен шығарудан түскен кіріс (бір реттік әсер) 1   17.0 100%
Бизнес сатып алу (бір реттік әсер) 313.5 54.6 (83)%
Түзетілген таза пайда 12.9 32.3 151%
Меншік иелеріне жататын акцияға таза пайда (базалық және көбейтілген) теңге / акция 1,255.4 358.2 (71)%
Түзетілген EBITDA2 көрсеткіші 38.8 73.0 88%
Түзетілген EBITDA3 көрсеткіші (қатысу үлесіне барабар) 45.6 58.5 28%
Операциялық ақша ағыны (45.0) 111.4 347%

1Бірлескен операция бойынша міндеттемелерді есептен шығарудан түскен кіріс Топ кейінгі кезеңдерде сатып алуды жоспарламайтын, осыған байланысты осы міндеттеме 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында есептен шығарылған, 2018 жылғы бірлескен операциялардан сатып алынбаған уран көлеміне жатады
2 EBITDA түзетілген көрсеткіші EBITDA-дан негізгі қызметпен байланысты емес және бір жолғы әсері бар барлық баптарды алып тастау жолымен есептеледі.
3.Түзетілген EBITDA көрсеткіші (қатысу үлесіне барабар) БК және қауымдасқан компаниялардың таза пайдасындағы үлесі шегерілген EBITDA түзетілген көрсеткіші ретінде және уран сегментінде жұмыс істейтін бірлескен және қауымдасқан компаниялардың (әрбір есепті кезең ішінде оның болмашы әсерге байланысты «Буденовское» БК» ЖШС EBITDA-дан басқа) «Әппақ» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС және «Хорасан» БК» ЖШС және топтың іске асырылмаған пайдасындағы кез келген өзгерістерді шегергенде EBITDA түзетілген көрсеткішінің үлесі ретінде есептеледі.

Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдау және Шоғырландырылған қаржылық есептілік

Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдау және Шоғырландырылған қаржылық есептілік (аудиттелмеген) Қазатомөнеркәсіптің 2019 жылғы 30 маусымда аяқталған 1-ші жартыжылдықтағы қызметінің нәтижелері туралы 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырылғандағы егжей-тегжейлі түсіндірулерді, сондай-ақ 2019 жылға болжалды келтіреді. Бұл баспасөз релизін www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болатын осы құжаттармен бірге оқыған жөн.

Бизнес құрылымдағы назар аударатын өзгерістер

 

2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында өз акцияларын жария орналастыруға байланысты әзірленген активтерді қайта құрылымдау бағдарламасының шеңберінде Топ есептік кезеңнің нәтижелеріне елеулі әсер еткен бірнеше мәмілелерді аяқтады.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында:

  • "Байкен-U" ЖШС, "Қызылқұм" ЖШС және "Хорасан-U" БК" ЖШС-дегі Топтың иелену үлесі тиісінше 52.5%, 50% және 50% - ға дейін ұлғайды. Мәміле аяқталғанға дейін иелену үлесі тиісінше 14.45%, 33.98% және 33.98% құрады.
  • 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ Бақылау кеңесінде дауыс беру және өкілдік ету құқықтарының көпшілігін алу арқылы "Байкен-U" ЖШС-не бақылау алды.
  • 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ "Қызылқұм" ЖШС және "Хорасан-U" БК" ЖШС-на елеулі ықпалын сақтап қалды.Топ қатысушылар Байқау кеңесінде көпшілік дауыспен топқа иелік етуге мүмкіндік беретін құрылтай құжаттарындағы өзгерістерді мақұлдамағандықтан 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша "Хорасан-U" БК" ЖШС үстінен бақылау алынған жоқ деп қорытындылады.
  • 2019 жылдың ақпанында "Хорасан-U" БК" ЖШС қатысушылары Топқа көпшілік дауыс берген Байқау кеңесінде құрылтай құжаттарының өзгерістерін бекітті.Нәтижесінде, Топ осы күннен бастап "Хорасан-U" БК" ЖШС-не бақылау жасады.

"Байкен-U" ЖШС сатып алу, сондай-ақ "Қызылқұм" ЖШС мен "Хорасан-U" БК" ЖШС иелену үлесін ұлғайту алдын ала (баланстық) құны бойынша 2018 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетілген. Тәуелсіз кәсіби бағалаушының әділ құнын бағалау 2019 жылдың бірінші жартысында аяқталды.  Нәтижесінде, 2018 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық жағдай туралы есеп қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржылық есептілікте қайта қаралды.

2019 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша "Хорасан-U" ЖШС сатып алынған активтері мен міндеттемелерінің әділ құнын бағалау аяқталды және Топ 2019 жылғы 30 маусымдағы пайда мен шығындар туралы есепте ескерілген 54,6 млрд.теңге сомасында кіріс алды.

Жалпы, еншілес, қауымдасқан және бірлескен-бақыланатын кәсіпорындардың саны 44-тен (2018 ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) 43-ке дейін (2019 ж. 30 маусымдағы жағдай бойынша) қысқарды.

2019 жылғы қаңтарда қатысушылардың жалпы жиналысы "Үлбі-Конверсия" ЖШС аралық тарату балансын мақұлдады. Кәсіпорын 2019 жылдың соңына дейін жойылады деп күтілуде.

Түсім, таза пайда, EBITDA көрсеткіштері

 

Шоғырландырылған түсім 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 22% - ға артып, 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында 176,6 млрд теңгені құрады, бұл негізінен U3O8 нарықтық спот бағасының өсуіне және теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуіне байланысты сатудың орташа бағасының артуы есебінен болды.

2019 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы операциялық пайда 27,1 млрд теңгені құрап, 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 69% - ға артты. Операциялық пайданың өсуі, негізінен, спот баға белгілеуінің өсуі есебінен сатудың орташа бағасының ұлғаюына, сондай-ақ АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуіне байланысты болды. Ұлғаю сондай-ақ Топ құрылымының өзгеруіне де байланысты, бұл Компания, шоғырландырылған еншілес кәсіпорындар мен бірлескен операциялар (БО) өндірген өз уран үлесінің өсуіне алып келді, оларды сатудың өзіндік құны негізінен өндірістің өзіндік құнынан тұрады. Мұндай сатулар үшін уран өнімінің толық маржасы Топтың шоғырландырылған нәтижелерінде көрсетіледі.

Талданып отырған кезеңдегі таза пайда 104 млрд теңгені құрап, 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 68% - ға төмендеді. Алайда, алдыңғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда төмендеу үлесі негізінен екі кезеңдегі транзакциялардың бір жолғы әсерлеріне, атап айтқанда топтың құрамына "Инкай" БК" ЖШС, "Қаратау" ЖШС, "Ақбастау" АҚ және 2019 жылы "Хорасан-U" ЖШС қосуға байланысты болды.  Осы мәмілелер бойынша бір жолғы нәтиже таза табысты тиісінше 2018 және 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында 313,5 және 54,6 млрд теңгеге ұлғайтты. Сондай-ақ 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында бірлескен операция бойынша міндеттемелерді есептен шығарудан 17,0 млрд теңге табыс алынды. Бұл табыс 2018 жылғы БО-дан сатып алынбаған уран көлеміне жатады, оны Топ әріптестерімен келісім бойынша алдағы кезеңдерде сатып алуды жоспарламайды, осыған байланысты 2018 жылғы 31 желтоқсанда танылған осы міндеттеме 2019 жылғы 30 маусымда аяқталған алты ай ішінде есептен шығарылды. Осы әсерлерге түзетуді ескере отырып түзетілген таза пайда 32,3 млрд теңгені құрап, 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 151% - ға артты.

Түзетілген EBITDA көрсеткіші 2019 жылдың 1-ші жартысында 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 88%-ға ұлғайып, 73.0 млрд теңгені құрады, ал  2019 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы қатысу үлесіне барабар EBITDA түзетілген көрсеткіші 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 28% - ға ұлғайып, 58,5 млрд теңгені құрады. Ұлғаю негізінен операциялық пайданың өсуіне және топ құрылымының өзгеруіне байланысты болды.

Операциялық ақша ағындары, негізінен айналым капиталы, U3O8 спот бағасының өсуі, сондай-ақ теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуі есебінен, 111.4 млрд теңгені құрап, 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығының 45 млрд теңге теріс көрсеткішімен салыстырғанда аңағұрлым артты.

Сатылған өнімнің өзіндік құны

Сатудың өзіндік құны 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында 129,596 млн теңгені құрап, 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 15% - ға артты, негізінен Топ құрылымындағы өзгерістерге байланысты және сатып алынған активтерді әділ құны бойынша тану негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясының өсуіне алып келді.

Сату бойынша шығыстар

Сату бойынша шығыстар 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 22%-ға ұлғайып, 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында 4,108 млн теңгені құрады, бұл негізінен "ҮМЗ" АҚ-ның 2018 жылғы келісімшарттық міндеттемелеріне сәйкес отын таблеткаларын жеткізу үшін комиссияны есептеу есебінен, сондай-ақ уран өнімдерін жеткізу межелі пунктінің өзгеруі салдарынан радиациялық қауіпсіздікке байланысты "Инкай" БК" ЖШС шығыстарын есептеу есебінен болды. Тиеу, тасымалдау және сақтау бойынша шығыстар айтарлықтай өзгерген жоқ.

Жалпы және әкімшілік шығыстар (ЖӘШ)

ЖӘШ шығындары 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында 15,757 млн теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25% - ға артты. Ұлғаю негізінен Топ құрылымының өзгеруіне байланысты болды.

Тозу мен амортизацияға арналған шығыстардың ұлғаюы 788 млн теңгені құрады, бұл 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығына қарағанда 85%-ға жоғары, ол негізінен "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ орталық аппараты үшін жаңа ғимарат сатып алу есебінен болды. 2019 жылдың 1-тоқсанында амортизация бойынша өсім өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жалдау ақысы бойынша шығыстардың төмендеуімен бәсеңдейді.

Борыштық левередж коэффициенттері

Келесі кестеде Компания басшылығы 2018 және 2019 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Компанияның қаржылық тұрақтылығын өлшеу үшін пайдаланатын негізгі коэффициенттер келтірілген:

  30 маусымда аяқталған 6 айда
(млн теңге) 2018 жыл 2019 жыл Ауытқу
Қаржылық міндеттемелер жиыны 91,115 145,801 60%
Ақша жиыны 108,160 60,067 (44)%
Таза борыш (17,045) 85,734 603%
Түзетілген EBITDA1 көрсеткіші 79,747 165,492 129%
Таза қарыз / Түзетілген EBITDA көрсеткіші (коэффициент) (0.2) 0.5 350%

1 Түзетілген EBITDA көрсеткіші 2018 және 2019 жылғы 6 айы үшін 12 ай (есепті кезеңнің 1-ші жартыжылдығы және өткен кезеңнің 2-ші жартыжылдығы) деп есептелді.

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер басшылық бұрын инвесторлардың назарына жеткізген болжалдарға сәйкес келеді және Компанияның төлем қабілеттілігін көрсетеді.

Өтімділік

Топтың өтімділігін басқару тәсілі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді корпоративтік кредиттік желілер есебінен кепілсіз қаржылық міндеттемелерді уақтылы орындау үшін жеткілікті өтімді қаражаттың тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

  30 маусымда аяқталған 6 айда
(миллиард теңге) 2018 жыл 2019 жыл Ауытқу
Ақша қаражаты және олардың баламалары  100,542   60,012   (40)%
Қысқа мерзімді депозиттер  7,618    55   (99)%
Барлық ақша қаражаты 108,160  60,067 (44)%

 

2019 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша ақша қаражаты және олардың баламалары 60,012 млн. теңгені және 2018 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 100,542 млн. теңгені құрады. 2019 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша төмендеу негізінен 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында акционерлерге дивидендтерді төлеумен және жоспарланған берешекті өтеумен байланысты болды.

Компания үшін қосымша өтімділік көзі корпоративтік кредиттік желілер болып табылады. 2019 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Компания мен оның кейбір еншілес ұйымдары 275 млн АҚШ доллары көлеміндегі жаңартылып тұратын кредиттік желілерге қол жеткізді, оның 265 млн долларына жуығы (96%) пайдаланылмаған.

Өндірістік көрсеткіштер

 

    30 маусымда аяқталған 6 айда
(миллиард теңге)   2018 жыл 2019 жыл Ауытқу
U3O8 өндіру көлемі (100% негізде) тонна 10,905 10,800 (1)%
Топтың U3O8 өндіру көлемі (қатысу үлесіне барабар) 1 тонна 5,771 6,226 8%
Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесіне барабар, C1) USD/фунт 12.2 9.86 (19)%
Ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар (қатысу үлесіне барабар, AISC) USD/фунт 16.28 13.27 (18)%
Топ дайын өнімінің (U3O8) қалдығы тонна 11,635 10,374 (11)%
ҚАӨ 2 дайын өнімінің (U3O8) қалдығы тонна 10,095 8,407 (17)%
Өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындар (100% негізде)3   30.5 26.0 (15)%

1 U3O8  өндіру көлемі (қатысу үлесіне барабар) Компания мен ТНК сатып алатын уранға тең емес.
2 Компанияның дайын өнімі қалдықтарының көлемі (Топта ескерілетін): Компания мен THK қалдықтарының жалпы көлемін қамтиды. Компания мен THK арасындағы топішілік мәмілелер ескерілмейді.
3 Тарату қорлары мен тарату шығындарын қамтымайды.

2018 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында 100% негіздегі U3O8 өндірісінің көлемі 1% - ға төмендеді. Өндірудің төмендеуі әртүрлі активтердің өндірістік жоспарларына сәйкес болжанған еді. 2019 жылы Қазатомөнеркәсіп иелену үлесіне барабар өндіріс көлемі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарына сәйкес 2019 жылғы өндірістің біршама жоғары деңгейіне байланысты (бұл жоспарланған және жария етілген), сондай-ақ өндірістің әр түрлі деңгейіне және әр кәсіпорындағы үлестік қатысу деңгейінің әртүрлі болуына байланысты біршама жоғары болды.

Ақшалай өзіндік құн (С1) және ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар (AISC) (АҚШ долларындағы баламасы) 2018 жылғы 1-ші жартыжылдықпен салыстырғанда тиісінше 2019 жылғы 1-ші жартыжылдықта 19% және 18% - ға қысқарды. Төмендеу негізінен АҚШ долларына қатысты теңгенің әлсіреуі және Топ құрылымындағы өзгерістер, сондай-ақ өзіндік құнды оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар есебінен болды.

2019 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Топ бойынша U3O8 дайын өнімнің шоғырландырылған қоры 10,374 тоннаны құрады, бұл 2018 жылғы 30 маусымға қарағанда 11% төмен. ҚАӨ деңгейінде U3O8 дайын өнімнің қоры 8,407 тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 17% - ға аз. Қорлар деңгейінің төмендеуі Компанияның қатысу үлесіне барабар жылдық өндірістің шамамен алты-жеті айлығына тең қорлардың оңтайлы деңгейін қолдау жөніндегі жоспарларына сәйкес келеді.

Өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (100%-ға негізде) 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 15% - ға қысқарып, негізінен кейбір өндіру активтерінде болашақта кеңейту үшін жобаларды іске асыру мерзімдерінің және шығындарды оңтайландырудың тұрақты бағдарламасының өзгеруі себебінен 26.0 млрд теңгені құрады.

Сату көрсеткіштері

 

    30 маусымда аяқталған 6 айда
(миллиард теңге)   2018 жыл 2019 жыл Ауытқу
U3O8 сатудан түскен түсім (Топ бойынша)   111.9 144.4 29%
U3O8 өткізу көлемі (шоғырландырылған) тонна 5,579 5,425 (3)%
ҚАӨ1 бойынша U3O8 өткізу көлемін қосқанда1 тонна 5,167 4,608 (11)%
Топтың орташа сату бағасы KZT/kg 20,063 26,620 33%
Топтың орташа сату бағасы * USD/lb 23.64 26.99 14%
Айдың соңындағы орташа спот бағасы* USD/lb 21.78 25.92 19%

1Компанияның сату көлемі (Топта ескерілетін): Компания мен ТНК сыртқы сатып алушыларына сатудың жалпы көлемін қамтиды. Компания мен THK арасындағы топішілік мәмілелер ескерілмейді.
* U3O8 кг-ын фунтқа есептеу коэффициенті 2,5998 құрайтынына назар аударыңыз.

U3O8 шоғырландырылған сатылымдары 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 29%-ға ұлғайып, негізінен U3O8 споттық бағасының өсуі, сондай-ақ теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуі себебінен сатудың орташа бағасының артуы есебінен 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында 144.4 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы 1-ші жартыжылдықта U3O8 сатудың шоғырландырылған көлемі 5,425 тоннаны құрап, 2018 жылғы 1-ші жартыжылдықпен салыстырғанда 3% - ға төмендеді. 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында сату көлемі 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығына қарағанда төмен, бірақ 2019 жылдың болжалды көлемі деңгейінде болды. Сату көлемдері тоқсандар арасында айтарлықтай ауытқуы мүмкін, бұл сатып алушылардың өзгермелі сұраныстары мен физикалық жеткізудің мерзімдеріне байланысты.

Топтың теңгемен сатудың орташа бағасы 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында 26,620 теңге / кг (26.99 АҚШ доллары / фунт) құрады, бұл уран өніміне орташа спот бағасының өсуіне  және теңгенің АҚШ долларына әлсіреуі байланысты 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 33% -ға жоғары.

Денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштер

 

Қазатомөнеркәсіп қауіпсіздік мәдениетін жақсарту және өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейін арттыру мақсатында барлық деңгейдегі қызметкерлермен және басшылықпен тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Ықтимал қауіпті жағдайларға сәйкестендіру және ден қою, сондай-ақ мінез-құлық қауіпсіздігіне аудит жүргізу сияқты алдын алу шараларын пайдалануға ерекше назар аударылады.

2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында топ кәсіпорындарында 2 жазатайым оқиға тіркелді, соның нәтижесінде 4 адам жеңіл дәрежеде жарақат алды. Толық әрекет қабілетін жоғалтуға немесе өлімге әкеп соққан жағдайлар, сондай-ақ өнеркәсіптік апаттар (бақыланбайтын жарылыстар, қауіпті заттардың шығарындылары немесе ғимараттардың қирауы) талданатын кезең ішінде болған жоқ.

Өндірістік қауіпсіздік шараларының тиімділігін бағалау үшін компания 1 000 000 жұмыс істеген сағатқа жұмыс уақытын жоғалтуға әкеп соққан оқыс оқиғалар санын көрсететін LTIFR (жұмыс уақытын жоғалтумен жарақаттар жиілігі) көрсеткішін пайдаланады.

  30 маусымда аяқталған 6 айда
Көрсеткіш 2018 жыл 2019 жыл Ауытқу
1. LTIFR (1 млн адам-сағатқа) 0.45 0.25 (44)%
2. Жазатайым оқиғалар саны 9 4 (56)%
3. Өлім жағдайлары 1 - (100)%
 

2019 жылдың бірінші жартысында барлық іс-шаралар еңбекті қорғау туралы заңнамаға сәйкес және уәкілетті мемлекеттік органдар берген рұқсаттарға сәйкес өткізілді.

Радиациялық әсер ету және ядролық қауіпсіздік 2019 жылдың бірінші жартысында қандай да бір артық немесе радиациялық апатсыз, тұрақты болып қалды. Барлық жұмыстар нормативтік талаптарға және ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі ережелерге сәйкес жүргізілді.

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БОЛЖАМДЫ КӨРСЕТКІШТЕР

 

(1 АҚШ долл./370 теңге курсымен) 2019 жыл
U3O8 Өндіріс көлемі (100% негізде), тонна 1 22,750 – 22,800
U3O8 Өндіріс көлемі (қатысу үлесіне барабар), тонна 2 13,000 – 13,500
Топтың өткізу көлемі, тонна3 15,000 – 16,000
соның ішінде Компанияның сату көлемі, тонна3 13,500 – 14,500
Топтың жалпы шоғырландырылған түсімі , 4, млрд теңге 485 – 505
соның ішінде U3O8 сатудан түскен түсім (Топ бойынша)4, млрд теңге 392 – 408
Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесіне барабар, C1), АҚШ долл./ фунт $11.00 – $12.00
Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (қатысу үлесіне барабар, AISC), АҚШ долл./ фунт $15.00 – $16.00
Күрделі шығындар (100% негізде), млрд теңге5 80 – 90
(бұрын 85-95)

1Өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өнімін шығарудың жиынтық көлемін білдіреді және осы өнім шығару көлемінің кейбір бөлігі топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болатынын ескермейді.
2 Өндіріс көлемі (қатысу үлесіне барабар): Компанияның үлестік қатысу мөлшеріне барабар үлесі бар кәсіпорындардың өнім шығару көлемін білдіреді және БК бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға қатысты қалған бөлігін қамтымайды.
3 Компанияның сату көлемі: Компанияның және KazakAtom AG (THK) сауда үйінің шоғырландырылған сатылымдарын ғана қамтиды. Компания мен THK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
4 Түсім бойынша болжал сыртқы көздерден белгілі бір уақыттағы уран бағасына негізделген. Шамамен $26/фунт U3O8-ге тең спот бағасы 2018 жылғы 3-тоқсан есебінде жарияланды және 2019 жыл түсімін бағалау үшін пайдаланылған. Осылайша, түсім нақты бағалардың болжамнан қаншалықты ерекшеленетіндігіне байланысты өзгеруі мүмкін.
5 Күрделі шығыстар (100% негізде) уран өндіруші кәсіпорындардағы ғана шығыстарды қамтиды.
* U3O8 кг-ын фунтқа есептеу коэффициенті 2,5998 құрайтынына назар аударыңыз.

2018-2021 жылдар кезеңінде өндірудің жоспарланған көлемін (Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірудің шоғырландырылған жоспарланған деңгейімен салыстырғанда) 20%-ке қысқарту туралы мәлімделген ниетті ескере отырып, бұрын айтылған болжалдарға сәйкес 2019 жылы Қазатомөнеркәсіптің өндіріс деңгейі өзгермейді деп күтілуде. Жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарттарға сәйкес 2019 жылы өндіру шамамен 22 750 – 22 800 тонна уранды (100% негізде) құрайды деп күтілуде; өндіріс деңгейі көлемінің қысқаруын есепке алмағанда, 2019 жылы 28 500 тонна уран (100% негізде) деген белгіден асып түсер еді.

Сату көлемі және түсім бойынша болжалдар да бұрын айтылған деректермен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

Ақшаның өзіндік құны (С1) және  Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (AISC) өзгеріссіз қалды. Алайда бірінші жарты жылдықта АҚШ долларына қарағанда теңге бағамы, 2019 жылғы бюджет болжамынан (370 теңге/1 АҚШ доллар) төмен болды. Нәтижесінде, жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер  болжанған диапазонның төмеңгі деңгейіне түсті.

2019 жылы жалпы күрделі шығындарының (100% негіздеме) төмендеуі,  кейбір өндіруші активтерді кеңейтуге байланысты жобаларға шығындарды бөлу мерзімдерінің өзгеруіне байланысты болды.

Компания жыл соңында табиғи уран қорларының (қоймалардағы қалдықтардың) деңгейі өндірістің шамамен алты-жеті айлық пропорционалды көлемін құрайды деп күтуде.

2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы операциялық және қаржылық көрсеткіштер – конференц-қоңырауы туралы хабарлама (2019 жылдың 27 тамыз күні)

2019 жылғы 27 тамызда Қазатомөнеркәсіп 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелерді талқылау үшін конференц-қоңырау өткізуді жоспарлап отыр.  Басталуы 17:00 (AST)/12:00 (GMT)/07:00 (EST). Басшылықтың баяндамасынан кейін инвесторлармен ағылшын тілінде «Сұрақ-жауап» сессиясы өтеді (сессияның орыс тіліндегі ілеспе аудармасы тек тыңдау үшін ғана қолжетімді болады).

Мүдделі тараптарды келесі телефон нөмірлері бойынша конференц-қоңырау шалуға шақырамыз. Қоңырау шалғанда:

* Қазақстаннан: +7 (8) 717 269 67 38

• Біріккен Корольдіктен: +44 (0) 80 0408 7373

* Америка Құрама Штаттарынан: +1 833 661 7897

Қоңырауға қосылу және «Сұрақ-жауап» сессиясына тікелей қатысу үшін ағылшын тілінде конференция нөмірін 813569 енгізіңіз, сұрау кезінде 5207 құпиясөзін енгізіңіз.

Сондай-ақ, ескертуді қабылдау үшін қатысушылар қоңырау шалуға (тек ағылшын тілінде) алдын ала мына сілтеме бойынша тіркеле алады:

https://www.speakservecloud.com/register-for-call/1eaba28d-5b43-4b54-b0ea-0f14b1e3fbd5

Орыс тіліндегі қоңырауға қосылу үшін (тек тыңдау режимінде) 357958 конференция нөмірін енгізіңіз, сұрау кезінде 6326 құпиясөзін енгізіңіз.

Сондай-ақ, ескертуді қабылдау үшін қатысушылар қоңырау шалуға (тек орыс тілінде) алдын ала мына сілтеме бойынша тіркеле алады:

https://www.speakservecloud.com/register-for-call/aca09126-16e6-4a1d-9750-191e3e4156d3

Конференц-қоңыраудың тікелей трансляциясы (вебкаст) конференц-қоңырау күні, оны өткізгеннен кейін www.kazatomprom.kz интернет-ресурсындағы сілтеме бойынша қолжетімді болады.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуыңызға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

 

Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс басқармасының басшысы

Тел: +7 7172 45 81 69
Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша: 

 

Торғын Мукаева, Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pratkazatomprom.kz

Powerscourt – Лондон (Giles Read)

Тел: +44 20 7250 1446
Email: Kazatompromatpowerscourt-group.com

Қазатомөнеркәсіп туралы

 

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындарда жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануына басымдық назар бөлінеді.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық биржасында орналастырылған. Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы ретінде, топ өнімінің негізгі тұтынушылары атом энергиясын өндіретін компаниялар болып табылса, топ өз өнімін Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа нарығына экспорттайды. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар аясында, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе арқылы немесе Швейцарияда құрылған Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы жүзеге асырады.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

 

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.