Уран өндіру
"Казатомпром-SaUran" ЖШС табиғи уран өндірісін Түркістан облысында орналасқан "Қанжуған", "Орталық Мойынқұм" және "Мыңқұдық" кен орындарында жүргізеді. Табиғи уран өндірумен, уранның шала тотығы және табиғи уранның химиялық концентратына дейінгі өңдеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызмет түрлері:
0,7 кг/см2-тан жоғарғы қысымда жұмыс істейтін құбырларды және сорғыштарды, химиялық жабдықтарды монтаждау және жөндеу;
атом энергиясын пайдалану объектілерін салу және пайдалану (жерасты шаймалау уранын геотехнологиялық ұңғымалар сынақ алаңын);
Электрмен жабдықтау желілерін және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғыларын, ішкі электрмен жарықтандыру және электрмен жылыту жүйелерін монтаждау және жөндеу;
көліктік контейнерлерді, радиоактивті материалдар үшін (табиғи уран концентратының) орау жиынтықтарын дайындау;
Шығарылатын өнімдердің негізгі түрлері:
Табиғи уранның шала тотығы (U3O8);
Контейнерлер, бөшке – ыдыстарды ТУК44/8, ПНД және металлдан стандартты емес бұйымдар дайындау.